Ливанда Бейруттегі жарылыс құрбандарын еске алды

Ливан жұрты Бейруттегі жарылыс құрбандарын еске алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Алаңға жүздеген адам жиналып, опат болғандардың құрметіне 5 мыңдай шырақ жақты. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын Ливан астанасында болған апат жүзден аса адамның өмірін қиған еді. 5 мыңдайы жараланды. Көптеген ғимарат қирап, 300 мыңдай тұрғын баспанасыз қалды.