Ливан президенті сыртқы күштерден күдіктеніп отыр

Ливан Президенті Мишель Аун Бейруттегі жарылысқа сыртқы күштердің әсері болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Алматы, NEGE. Ол апат себебі әлі анықталмағанын айтты. Тіпті зымыраннан соққы берілуі де ықтимал екенін тілге тиек етіпті. Күдікті сейілту үшін Франция Президенті Эммануэл Макроннан спутниктен түсірілген суретпен қаматамасыз етуін өтінді. Ливан басшысының сұрауы бойынша Интерполдан да сарапшылар келеді. Естеріңізге салайық, сейсенбі күні Бейрутта жойқын жарылыстан кемінде 150 адам қайтыс болды. Бес мыңға жуық тұрғын жарақат алды. 

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді