Литва тұруға ықтиярхат беру ережелерін күшейтті

Бұл туралы Көші-қон департаментінің директоры Эвелина Гудзинскайте мәлімдеді.

pexels.com

Алматы, NEGE. Литва билігі елден тыс жұмыс істейтін сыртқы қызмет көрсетушілерге жүгінетін шетелдіктер үшін тұруға ықтиярхат алуға өтініштерді қабылдау ережелерін күшейтті.

«Сыртқы қызмет көрсетушілер тек өздері жұмыс істейтін елдің азаматтарының өтініштерін қабылдай алады. Бұл процедура 30 қарашадан бастап күшіне енеді», - деді ол LRT ұлттық радиосының эфирінде.

Директордың түсіндіруінше, шешім көші-қон саласындағы ағымдағы үрдістер, ұлттық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлер, сондай-ақ қызмет көрсететін өкілдің әкімшілік мүмкіндіктерін ескере отырып қабылданған.

2024 жылы Литва сыртқы қызмет көрсету орталықтарының санын қысқартты. Олар Иордания, Ливан, Непал және Шри-Ланкада жабылды.

Қазіргі уақытта әртүрлі елдерде Вильнюсте аккредиттелген осындай 30 орталық жұмыс істеп жатыр.

https://kaz.inform.kz/news/litva-turuga-iktiyarhat-beru-erezhelern-kusheytt-058285/

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды