Лицензиялық турнир: Махмұд Сабырхан келесі кезеңге өтті

Италияда өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Сабырхан бірінші айналымда эфиопиялық Лета Фикремариам Ядесамен жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте Сабырхан айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Келесі айналымда ол таиландтық Саравут Суктхетпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Сабырхан 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалында тап осы Саравутты жеңген болатын.