Лицей түлектері әлеуметтік және материалдық көмек ала алады

Жуырда «Арыстан» мамандандырылған лицейінде «Түлектер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті. Онлайн конференцияға 400-ден астам лицей түлегі қатысты.

Алматы, NEGE. Лицей бастығы, запастағы генерал-майор С.С. Таулановтың сөзінше, қауымдастықтың басты мақсаты – түлектер мен лицей арасында өзара тиімді ынтымақтастық пен әскери күш құрылымдарында түлектердің оқуын және одан әрі кәсіби қызметін дамыту мүмкіндігін беру. 

Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша, лицей ұжымының атқарған үлкен жұмысын есепке ала отырып, лицей түлектеріне материалдық көмек және әлеуметтік қолдау мәселелерін қосымша қосу арқылы қауымдастықтың мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды.

Яғни, Лицей түлектері болашақта қаржылай көмекке мұқтаж бола қалса, лицей оларға көмек көрсетеді. 

«Мәселен, біздің түлегіміз кәсіби қызметте жүріп ерлік жасаса, жақсы жетістікке жетсе, уақытынан бұрын шен алса арнайы құрылған қамқор кеңесі ынталандырып отырады. Қаржылай және арнайы төсбелгі беріледі. Бұл енді әлеуметтік қолдау. Ал, егер қиындыққа тап болса, төтенше жағдай, жақын туыстарының қазасы немесе үйленіп, той жасау үшін ақшасы жетпей жатса лицей ұжымы материалдық көмек көрсетуге дайын. Бүгін біздің түлектер 1000-ға жуық, бірнеше жылда 10 мыңға жетеді. Мына заманда дәл біздей түлектеріне қамқор оқу орынын көрмедім, естімедім», – дейді Лицей бастығы, запастағы генерал-майор С.С. Тауланов.

Болашақ қазақ әскерін қолдау мақсатында Қауымдастық туралы ереже негізінде «Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектерінің Қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы әзірленіп, бекітілді.

Конференция барысында Лицей бастығы запастағы генерал-майор С.С. Тауланов және «Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектерінің қауымдастығы «Қоғамдық бірлестігі» Үйлестіру кеңесінің төрағасы запастағы полковник В.А. Райхель сөз сөйлеп, түлектер қауымдастығының жаңа мәртебесі туралы ақпаратты жеткізді. 

«Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектерінің қауымдастығы мүшелерін материалдық көтермелеу, материалдық көмек көрсету және әлеуметтік қолдау тәртібі туралы Ережемен және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Осының бәрі еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқаратын түлектердің мүмкіндіктерін барынша іске асыруға және қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Онлайн-кездесуге лицей әкімшілігі,Үйлестіру кеңесінің мүшелері, педагог-психологтар, бөлімше командирлері, 10-11 сынып лицеистері, қазақстандық және шетелдік әскери жоғары оқу орындарының курсант - түлектері, сондай-ақ әскери күш министрліктері мен ведомстволарында қызметте жүрген офицер-түлектер қатысты. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды