Лисаковта атыс болды: Қаза тапқандар бар

Лисаковтағы тұрғын үйдің кіреберісінде ер адам атыс шығарды.

Алматы, NEGE. Көршілер арасында қақтығыс болды. Дау жөндеу жұмыстарына байланысты шықты деген болжам бар. Лисаков қаласының тұрғыны кіреберіске аңшылық мылтықпен шығып, ата бастаған. Ер адам екі әйелді жаралады. Оны ұстау үшін жедел-тергеу тобы шақырылды.

"Күдікті оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне оқ атып, кіреберіске жасырынып қалды, жедел-тергеу тобының тергеушісі жараланды. Полицейлер артынан қуғанда қайта оқ атты. Үй тұрғындарының қауіпсіздігі мен күдіктінің одан әрі заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды және күдіктіні жаралады.Осыдан кейін ер адам пәтеріне жасырынып қалды, ол сол жерде кейінірек ұсталды. Үйдің кіреберісінен оқтан жараланған екі әйел табылды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жедел жәрдем шақырды", - деп хабарлады Қостанай облысының ПД өкілдері.

Жарақат алған күдікті жансақтауда қайтыс болды. Сонымен қатар, жараланған әйелдердің бірі қаза тапты. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр, енді прокуратура қару қолдану қаншалықты заңды болғанын зерттейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды