Лионель Месси ПСЖ-дан кетпекші

"Пари Сен-Жермен" шабулышысы Лионель Месси париждік клуб сапында қалғысы келмейтін сыңайлы, деп хабарлады vesti.kz.

Алматы, NEGE. Аргентиналық ойыншы ПСЖ-мен келісімшартты ұзартуға асықпай отыр, құжаттың күші 30 маусымда аяқталады. 

Шабуылшы басқа клубқа ауысу мүмкіндіктерін қарастырып жүр екен. Қарасытырылған ұсыныстардың бірі Дэвид Бекхэмге тиесілі Солтүстік Амеркиа чемпионатындағы "Интер Майами" клубы. 

35 жастағы Месси ПСЖ сапында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Франция чемпионатның биылғы маусымында ол 18 матч өткізіп, 10 гол салды және 10 ассист жасады.

ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші келеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды