Лионель Месси коронавирус жұқтырды

Аргентиналық "Пари Сен-Жермен" футболшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды. Француз клубы ақпаратты сайтында растады.

Алматы, NEGE. Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.

"Қазір олар оқшауланды және денсаулық туралы хаттамаға бағынады", - делінген клубтың сайтында.

Кіші Неймар 9 қаңтарға дейін емді Бразилияда медицина қызметкерлері қарауында және "Пари Сен-Жермен" командасының қызметкерлерімен бірге жалғастырады. Ол шамамен 3 аптадан кейін жаттығуға оралуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр