Лионель Месси ағылшын премьер-лигада ойнауы мүмкін бе?

Оның Англияға ауысуына бұрынғы бапкері Хосеп Гуардиола себепкер деседі.

РБК

Алматы, NEGE. Аргентинаның әйгілі футболшысы, бүгінде АҚШ-та MLS чемпионатындағы «Интер Майами» командасының құрамында жүрген Лионель Месси ағылшын премьер-лигасына ауысуы мүмкін. 

Оның Англияға ауысуына бұрынғы бапкері Хосеп Гуардиола себепкер деседі. Ол бұрынғы шәкіртін «Манчестер сити» командасында көргісі келеді. Бұл жайында бірнеше спорт сайты жазып жатыр.

Айта кетерлігі, Гуардиола 2008-2012 жылдар аралығында Барселонаны жаттықтырып, Месси сол кезде қоластында ойнаған еді.

Кей қауесетке қарағанда, «Мансити» 8 мәрте «Алтын доп» иегерін 2024/2025 маусымының екінші бөлігіне жалға алуды жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты