Леонардо Ди Каприоның Кариб теңізіндегі ерлігі
Актер Леонардо Ди Каприо 11 сағат бойы теңізде қалып қойған французды құтқарды, – деп хабарлайды НТВ.
Алматы, NEGE. Атақты актер өз яхтасымен саяхаттағанды ұнатады. Жуырда Кариб теңізінде демалып жүрген ол рациядан тағы бір қайық капитанының сигналын естіген.
24 жастағы француз ішімдікке мас болып, борттан құлап кеткенін айтқан капитан ешнәрсені аңғармай адам жоғалтып алған. Мән-жайға қанық болған Ди Каприо дереу іздестіру шарасына кірісіп, бірнеше сағатта жоғалған анды табады. Ер адам күші сарпылғанынан қарамастан қол созып көмек сұраған. Борттан құлап кеткен ер адам 11 сағат бойы суда болғаны анықталды.
Жолыболғыш жігіттің есімі – Виктор. Француз есін жиған уақытта, актерға алғыс білдірген. Жолаушысын жоғалтқан капитан теңізден адам табу мүмкіндігі «миллиардтан бір» екенін айтады.