Лифтідегі жағдайға қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Энергетика министрлігі қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Полиция.
Алматы, NEGE. Астана қаласының полиция департаменті бұрын әлеуметтік желілерде тараған лифтте болған оқиғаға энергетика министрлігі қызметкерлерінің қатыстылығы туралы жалған ақпарат негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.