Лифтіде 5 жасар баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдетуден бас тартқан

Лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімнің диагнозы өте күрделі.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Оның сөзінше, жасөспірімнің анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, ем-домды үзіп алған кездері де болған. Салдарынан ауру асқынған дейді министр.

«Анасы баласының диагнозын қабылдағысы келмей, емдеуден бас тартты. Балада емдеуде үзілістер болды, ол өкінішке қарай асқынуға әкелді. Сондықтан қазір емдеуден бас тартқан жағдайда қамқоршылардың жауапкершілігін күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз», - деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салайық, оқиға 11 ақпанда болған еді. Кейіннен жасөспірімнің арнайы психодиспансерлік есепте тұрғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін