Ленин көшесі Абай көшесі болып өзгереді
Қарағандыда 10 көшенің атауы ауысады. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, қаладағы Волочаевская, Защитная, Зональная, Кривогуза, Кувская, Ленин, Олимпийская, Приканальная көшелерінің атауы өзгеретін болды.
Алматы, NEGE. Мұндай шешім Қарағандыдағы Достық үйінде өткен қоғамдық тыңдауда қабылданған. Тыңдауға 1005 адам қатысыпты. Енді Волочаевская көшесі соғыс ардагері Камали Дүйсембеков атына ауысса, Защитная көшесін этнограф Григорий Потанин иеленеді. Зональная – Затевич, Кривогуз көшесі Қасым Аманжоловтың атына берілетін болды. Көптен әңгіме болып жүрген Ленин көшесі Абай көшесі болып ауысады.