Іле-Балқаш резерватында жолбарыстар жерсіне бастады

 «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты жолбарыстардың жаңа мекенге бейімделу сәттерін көрсетті.

gov.kz

  Алматы, NEGE. Арнайы түсірілген бейнежазба 29 шілдеде, Халықаралық жолбарыс күні жарияланды.

Мамандардың айтуынша, тұран жолбарысы ғасырлар бойы қазақ даласының нағыз иесі болған. Оны Қазақстан аумағына қайтара жерсіндіру – елдегі ең ірі экологиялық жобалардың бірі саналады.

Бұған қоса, табиғатты қорғау саласындағы оң жаңалықтар жалғасуда. Бұған дейін «Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген сирек дала қырандарының балапан өргізгені анықталған. Көрікті құстардың ұясы Бассин орман шаруашылығы аумағынан табылды.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды