Іле ауданының экс-әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 

Kazinform

Астана, NEGE. Сот Қарасаевты лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, жеке шаруашылық серіктестігіне жер учаскесін заңсыз бергенін, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын басқару кезінде аталған кәсіпорынға қамқорлық көрсеткенін, сондай-ақ заңсыз түрде кәсіпкерлік қызметпен айналысқанын анықтады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі лауазымын 2018 жылғы қыркүйектен бастап атқарған. Оны Антикор қызметкерлері 2024 жылғы қыркүйекте сыбайлас жемқорлық күдігімен ұстаған.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады