Іле Алатауында жарақат алған турист құтқарылды

Іле Алатауы тауында, Молодежный асуында төтенше жағдай болды. 45 жастағы Бельгия азаматы тауға көтерілу кезінде аяғын сындырып, қозғалысын жалғастыра алмай қалды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Оның жұбайы 112 қоңырау шалып, көмек сұраған. Көмекке ТЖМ құтқарушыларының екі тобы «Тұйық-Су» және «Мұзтау» бақылау-құтқару пункттерінен шықты.

Олар жәбірленушіге 3 сағат ішінде жетіп, алғашқы көмек көрсетікен. Түсіру бес сағатқа жуық уақыт алды.

Нәтижесінде ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Олар оны Алматыдағы ауруханаға жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды