Ләззат Күнгейбаева бокстан Әлем чемпионатының финалына шықты

Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Ләззат Күнгейбаева финалға жолдама алды.

Алматы, NEGE. Әзірбайжан боксшысы Айнұр Рзаевамен күш сынасқан отандасымыз қарсыласын жеңіп , финалдық жолдамаға ие болды. 

Ләззат бұған дейін 2016 жылы Әлем чемпионы атанған еді.

Осылайша, ел құрамасы сапынан 2 боксшымыз финалдық сында өнер көрсетеді.