Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бокстан Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде 81 келіден жоғарғы салмақта Ләззат Күнгейбаева күміс медаль иеленді.

Алматы, NEGE. Ол финалда марокколық Марди Хадиджамен жұдырықтасты. Жекпе-жек төрешілердің шешішімен марокколық боксшының пайдасына аяқталды.

Осылайша, отандық спортшы Үндістанда өткен Әлем чемпионатында ел қоржынына екінші күміс жүлдені салды.