LAYS чипстеріне арналған картоп енді Райымбек ауданында өсіріледі

Алматы облысы Райымбек ауданының аңғарында әлемге әйгілі LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсіріле бастады. Бұл жобамен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады, деп хабарлайды Qazaqstantv.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компания 150 гектар алқапқа картоп егіп, тамшылатып суару технологиясын енгізген. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1 500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Кәсіпорында 20-дан астам адам тұрақты жұмыс істейді, егіс маусымында жұмыс күші ұлғаяды.

Басты жетістік – PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, арнайы картоп тұқымдары сынақтан өткізілуде. Бұл тұқымдар шетелден әкелініп, жергілікті климатта өсіріледі. Өнім сапасы агрономдар мен сала мамандарының тұрақты бақылауында.

Картоп пен дәнді дақылдарды өңдеуге 20-ға жуық заманауи техника тартылған. Өнімдер Алматы облысы мен Алматы қаласына жеткізіледі, ал арнайы картоп PEPSICO компаниясына жөнелтіледі.

Жалпы, биыл Райымбек ауданында 13 200 гектарға дәнді дақылдар, 2 500 гектарға картоп егу жоспарланған. Бұл – өңір ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығаратын нақты қадам.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді