Лавров Украинадағы астық мәселесі бойынша келіссөз жасауға Анкараға келді
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия астанасы Анкараға барды.
Алматы, NEGE. Ол бүгін түрік әріптесі Мевлют Чавушоғлымен кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24». Тараптар Украина порттарында тұрып қалған бидайды экспорттау мәселесін талқылайды. Осының алдында теңіз шекарасы Ресеймен де, Украинамен де шектесетін Түркия араағайындық жасауға дайын екенін жеткізген болатын. Бұл ұсынысты Біріккен Ұлттар Ұйымы да қолдап отыр.