«Лаура» қандай дауыл?
Американың Техас және Луизиана штаттарында «Лаура» дауылының жақындауына байланысты жарты млн-нан астам адам эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады Reuters.
Алматы, NEGE. 420 мыңнан астам Техас тұрғыны мен Луизианадағы 200 мың адамды эвакуациялау туралы бұйрық берілді. Дауыл бүгін түнде Америка жағалауларына соғады деп күтілуде. Мексика шығанағында дауылға байланысты мұнай өндірісі де уақытша қысқарады. Бұған дейін Техаста екі тропикалық дауылға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.
Сейсенбі күні «Лаура» дауылы тропикалық құйынға айналған. Желдің жылдамдығы шамамен 33 м/с дейін күшейіп, тіпті одан да асып барады. АҚШ-тың дауылдарды бақылау бойынша Ұлттық орталығының соңғы бағалауынша, «Лаура» Техас пен Луизиана жағалауына сәрсенбі күні кешке жетеді.