Лауазымды тұлғалар мектеп құрылысына бөлінген ақшаны жеп қойды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады,

деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. "Жергілікті бюджет есебінен бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім объектілерін құрылысы мен жөндеу" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында, "Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі" мен бір серіктестік арасында жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын "Ақтөбе қаласының бір тұрғын ауданында 900 орындық орта мектептің құрылысы бойынша" мемлекеттік сатып алу құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы келісім-шартқа қол қойылғаны белгілі болды.

Алайда, жарияланған жұмыс толық көлемде жүргізілмей, нәтижесінде алдын-ала есеп бойынша келтірілген залалдың мөлшері 21,8 млн теңгені құрады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 189-бабы, 4-б., 2-т. сәйкес (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру) жүргізіліп, жымқыру фактісіне мемлекеттік органдағы лауазымды тұлғалардың қатысы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?