Лауазымды өкілетін теріс пайдаланған қазақстандық Барселонада ұсталды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және жалған құжат жасау фактілері бойынша күдікке ілінген қазақстандықты экстрадициялады.

Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы 8 автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдіктелуде. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.

Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр