Лас-Вегаста жылдың басты бокс кеші басталып кетті

13 қарашада Лас-Вегаста Қазақстан боксшысы Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентлидің жекпе-жегі ұсынылатын бокс кеші Астана уақытымен 8:00-де басталып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Таңғы сағат 8:00-ден бері 4 жұп шаршы алаңда өнер көрсетіп үлгерді. Олар - Хавьер Мартинез-Марго Дельгадо, Эмильяно Варгас-Хулио Мартинеса, Рэймонд Муратайя-Мигеля Контрераса, Сеньеса Эстрада және Жасмин Гала Вильярино.

Қазір соңғы жұп кім мықтыны анықтап жатыр. Содан кейін бұл бокс кешінің басты жекпе-жегі басталады.

Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы рингке шығуға дайындалып, сахна сыртында өз кезегін күтіп отыр. Оған атақты Мұхаммед Әлидің немересі келіп амандасып, сәттілік тіледі.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың мамыр айында британдық боксшы Дэнни Дигнумға қарсы өткізді. Ол кезде отандасамыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.

Дензел Бентли 2022 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығып, төртінші раундта британдық Маркус Моррисонды мерзімінен бұрын жеңіп кетті.

Жәнібек Әлімханұлының активінде 12 жекпе-жек бар, оның 8-і нокаутпен аяқталған, бір де бір жеңіліс тіркелмеген. Дензел Бентли 17 жекпе-жек өткізіп, оның 14-і нокаутпен аяқталған, бір жеңілісі бар.

Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дензел Бентли WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атағына таласады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды