Ларри Кингтің өсиетінде не жазылғаны белгілі болды

Америкалық People журналы аты аңызға айналған тележүргізуші Ларри Кингтің қолмен жазылған өсиетін жариялады.

Алматы. NEGE.  Құжат 2019 жылдың 17 қазанында, журналист өзінің жетінші әйелі Шон Саутвикпен ажырасу туралы өтініш жазғаннан кейін екі ай өткен соң жасалғаны хабарланды.

"Кинг өзінің екі миллион долларға бағаланған мүлкін балалар арасында тең бөлуді қалаған: Энди, кіші Ларри, Кэннон және Ченс, сондай-ақ қызы Чайя арасында. Энди мен Чайя әкесінен бұрын қайтыс болғандықтан, мүлік қалған үш ұлына мұра болып қалды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 23 қаңтарда америкалық тележүргізуші Ларри Кинг Лос-Анджелес ауруханаларының бірінде 87 жасында қайтыс болды. Тележүргізуші өзінің "Ларри Кинг Live" шоуымен танымал болған. Ол өмірінде елу мыңнан аса сұхбат жүргізген.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты