«Ларисаны іздеп кетпейік» – Алмат Сақатов ресейліктерге ескерту жасады

Алматы, NEGE.

Бұл жолғы жариялымы жалпыға бірдей түсінікті болсын деді ме, өнер иесі ойын орыс тілінде жеткізген. Онда актер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін тағы да әдемі әзілмен келтірген.

«Ертеде бір еркек болыпты. Ол әйелін шексіз сүйгені сонша,  көзіне ешқашан шөп салмаған екен. Десе де келіншегі «Сен өзге біреуге барып жүрсің. Мәселен, анау көрші  Ларисаға көз салып жүрсің»,– деп жоқ жерден күйеуіне  тисіп, құлақ етін жей берсе керек. Бір күні айғайдан шаршаған әлгі еркектің ақыры ойы бұзылып, жұбайы айтқан көршісіне тартып кетіпті. Үйге келсе әйелі әдетіне басып «қайда болдың?» – деген сұрақтың астына алады. Шыдамаған ол: «Ларисаға барып келдім», – деп қойып қалады. Сонда сасқан әйелі: «Құдайым-ай, Лариса сені қайтеді?!» – деп күйеуін келемеждесе керек.

Сондықтан құрметті достар, көршілер, Ресейден келіп елімізді мекендегендер! Бізді «ұлтшыл» деп айыптап, сіздерге қоқан-лоққы көрсетеді деудің қажеті жоқ! Егер олай деуді доғармасаңыздар, сөздеріңізге еріп, Ларисаны іздеп кетуіміз әбден мүмкін. Сіздерге сол керек пе?» – дейді актер.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті