Лаңкестер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған

2020 жылы бір топ радикал Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған. Сол арқылы Қазақстанда хаос орнатуды ойлаған.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестерді құрықтады. 

Бір топ радикал Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасын жармақ болған. Тағы бір тобы «Көк базар» сияқты адам көп жүретін орындарда жарылыс жасауды көздеген. 

Еліміздің бірнеше қаласында террорлық акті жасауды жоспарлаған лаңкестердің қалай құрықталғаны туралы «Шыңырау» фильмі көрсетіледі.

Фильм жуырда отандық телеарналардан көрсетіледі. 

Қазір оқып жатыр

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты