Лаңкестер Ақорданы басып алғысы келген – Президент

ҰҚШҰ кеңесінің кезектен тыс сессиясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лаңкестер Ақорданы басып алуды көздегенін айтты.

Алматы, NEGE. «Агрессия бір мезетте 11 аймақта басталды. Негізгі соққы Алматы қаласына бағытталған. Өздеріңіз білетіндей, бұл – еліміздегі ең үлкен қала әрі қаржы орталығы. Мұнда транспорт және коммуникация шоғырланған. Егер осы қаланы құлатса, халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірді тұтастай, одан кейін бүкіл мемлекетті басып алар еді. 

Лаңкестер құқық қорғаушылар күшін өздеріне тартып алып, кейіннен Қазақстанның астанасына шабуылдауды жоспарлаған. Біз президент резиденциясы маңында топтала бастаған лаңкестерді байқадық. Бұл – біздің мемлекетімізге бағытталған және түрлі тәсілдерді қолданған нағыз лаңкестік соғыс», – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады

Жаңа құрылған «Әділет» партиясын Айбек Дәдебай басқарады