Ләлә Бақытнұрқызы Елордада жеке ән кешін бермек

«Бұлбұл» - Ләлә Бақытнұрқызының төлқұжатына айналған ән. Халық әнші қыздарын осы әнімен танып, үздік орындаушылардың қатарына қосты.

Ән қоржынын жаңартудан жалықпайтын Ләлә Бақытнұрқызы қазіргі таңда жарғақ құлағы жастыққа тимей жеке кешіне дайындалып жүр. Бір жыл бұрын өнер қайраткері атанған ол осы жылы үлке шоу концертін өткізуді жоспарлап қойған. Әнсүйер қауымға «Бұл-бұл» әні арқылы танылған өнер иесі жеке концертінде тыңдарманын қуантпақ ниетте.

Айта кетейік, Бақытнұрқызы аталмыш әннің алғашқы орындаушысы- «қазақтың бұлбұлы» атанған  Халық әртісі, күміс көмей опера әншісі  Бибігүл Төлегенованың шәкірті. Эстрада ғана емес, халық әндерімен опера жанрын жанына серік етіп жүрген бұрымды жылдың үздік әншісі атанды.

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?