Лай көшкінінде жоғалған 5 жасар баланың мәйіті табылды
Текелідегі лай көшкінінде жоғалған бес жастағы баланың мәйіті табылды.
Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел фейсбук парақшасында жазды.
«Бес жасар қыздың мәйіті табылды. Шапағатшы болсын!», - деп жазды ол.
Айта кетсек, бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылды. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр, ені 25 метр, биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр. Көшкіннен жеке тұрғын үй қирады, бір үй балшықтың астында қалды, тұрғын үйлердің тағы төртеуінің ауласын ішінара лай көшкіні шайып кетті.
Сонымен қатар лай көшкенінің болу себебі алдын ала айтылды.