КВИ жұқтырған 306 науқастың жағдайы ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 306 науқас анестезиология және қарқынды терапия бөлімдерінде ем алуда.

- 265 науқастың жағдайы ауыр, 41 науқастың жағдайы өте ауыр. Коронавирусқа шалдыққан 67 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес механикалық желдету апппаратын 133 науқасқа қатысты қолданылуда, ал 106 адам оттегі терапиясын алып жатыр, 9 265 адам өздігінен дем ала алады, - деді Тимур Сұлтанғазиев Орталық Комммуникация қызметінде өткен брифингте.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған