КВИ: 408 адамның жағдайы ауыр
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 маусымдағы ақпарат жарияланды.
Алматы, NEGE. 24 маусымдағы мәлімет бойынша 22 098 адам коронавирус инфекциясынан (20 828 КВИ және 1 270 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде: - 6 588 пациент стационарда - 15 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ және КВИ- шалдыққандар арасында: - 408 адамның жағдайы ауыр - 95 пациенттің жағдайы өте ауыр - 72 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бір тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болған.