Квебек мемлекеттік қызметті тек қана өз тілінде көрсететін болды
Канаданың Квебек провинциясының билігі мемлекеттік қызметті тек қана француз тілінде көрсететін болды. Бұл туралы осы аймақтың премьер-министрі Француа Легольт мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Оның сөзінше, бұл шешім заңнамаға өзгеріс енгізуді талап етпейді. Себебі, онда француз тіліне басымдылық берілген нормалар бар. «Егер сіздің ата-аналарыңыз ағылшынса оқыса, онда Квебекте белгілі бір құқығыңыз бар. Егер сіз жаңа иммигрант болсаңыз, онда біз француз тілінде сөйлесуіміз керек», – деп қадап айтты Легольт.
Квебекте жарнамаларда, маңдайша жазуларда және жол белгілерінде бүкіл жазу француз тілінде болуы керек. Ағылшынша жазылса, жазу көлемі французша жазудан үлкен болмауы тиіс.
Ана тілін құрметтеуді квебектіктерден үйренген артық болмайтын тәрізді.