«Құжаттардың жалған екенін кеш білдім» – «Асар-Үме» қоры Перизат Қайраттың қорына 200 млн теңге аударған
Бүгін Астанада Перизат Қайраттың ісі бойынша сот отырысында жәбірленуші тарап атынан «Асар-Үме» қорының президенті Асхат Нұрмашев жауап берді.
Астана, NEGE. Оның айтуынша, 2023 жылы Газа секторына көмек ретінде қазақстандықтар қайырымдылық қорына 293 миллион теңге жинап берген. Қор Перизат Қайрат басқаратын қорға бір жолғы аударыммен 200 млн теңге жіберген.
Сол кезде Перизат қалған 93 миллионды да алмақшы болған. Алайда, қор оған қаражат аудармаған. Себебі, Перизаттың қоры қаржының алғашқы бөлігіне қатысты есепті ұсынбаған екен. Қалған 93 млн теңге кейін Палестина елшілігі арқылы тікелей аударылған.
Нұрмашев Абу-Дабидегі қоймадан «BizBirgemiz» қорының логотипі бар қораптарды көрмеген. Тіпті ол сатып алынған тауардың нақты бар екенін дәлелдейтін құжаттарды да көрсетпеген. Кейіннен Асхат Нұрмашев барлық құжаттың жалған екенін кеш анықтаған.