Күзден бастап педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы 84 мың теңге болады

Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенованың айтуынша, 2020 жылдан бері студенттердің шәкіртақысы 2 есе өскен. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Жоғары білім қолжетімділігін арттырудағы ерекшеліктердің бірі – биыл қабылданған «Келешек» Бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін ендіру туралы Заң. Бұл заң студенттерді қолдаудың қосымша шараларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Заң қабылданғаннан бері, 8 айда 35 мыңға жуық салымшылар «Келешек» жүйесіне тіркелді. Әкімдіктер, жұмыс берушілер, әртүрлі қорлар биыл да жылдағыдай мемлекеттік гранттардан басқа 5 мыңға жуық грант бөлді», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр студенттердің стипендиясының мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе ұлғайтылғанын айтады.

«1 қыркүйектен бастап бакалаврлардың стипендиясы 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар үшін 84 мың теңге, магистранттар үшін 117 098 теңге, ал докторанттар үшін 262 500 теңге болады», - деді Гүлзат Көбенова.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Бүкілқытайлық жиналыс комитетінің төрағасымен кездесті

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді