Кувейт Әмірі дүние салды

Кувейт Әмірі Наууаф әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 86 жасында дүние салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. Қаралы хабармен 16 желтоқсанда Әмір кеңсесі мемлекеттік телеарна эфирі арқылы бөлісті.

"Біз Кувейт мемлекетінің Әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз", – деп келтіреді Al Jazeera кеңсе хабарламасын.

Әмір 2020 жылдың қыркүйегінде 91 жастағы ағасы шейх Сабах әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах қайтыс болғаннан кейін таққа отырған болатын. Кувейттің келесі әмірі 83 жастағы тақ мұрагері Мишаал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах болуы керек.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды