Құтқарушылар таудан оралмаған туристерге көмектесті

28 тамыз сағат 00:52-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының диспетчерлік қызметіне хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. 27 тамыз күні үш турист Космостанция - Турист - Тұран – Карнизный   шыңдары бағыты бойынша тауға кетіп, белгіленген уақытта оралмаған. Іздеуге ТЖМ РЖҚЖ жеке құрамынан 7 адам іздеуге шықты.

Туристерді іздеу түні бойы жүргізілді, екі топқа бөліну туралы шешім қабылданды: бірінші топ Советов шыңына, екіншісі Қимасар шатқалына бағыт алды. Таңғы сағат 11-де құтқарушылар ер адамдарды тауып, Аюсай шатқалымен төменге қарай түсіре бастады. Туристер шаршап, қатты жаңбыр астында қалып қойған.

Сағат 12:05-те ТЖМ РЖҚЖ қызметкерлері туристерді  жеке көлігіне жеткізді.