Құтқарушылар суицидтің алдын алды

Екібастұз қаласында ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ол тұрғын үйдің төртінші қабатында қабырға шетінде тұрған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, төтенше жағдай 14 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Екібастұз қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 35 мекенжайында орын алды. Ер адам балконның сыртына шығып, салбырап тұрғаны туралы хабар келіп түскен.

«Құтқарушылар өрмелеу құралдарының көмегімен бесінші қабаттың балконынан түсіп, ер адамның өз балконына кіруге көмектесті», - деді департаментте. Ол полицияға тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?