Құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен итті алып шықты

Шемонаиха қаласында құтқарушыларға 3-ші шағынауданында ит құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. Бұл оқиғаны көрген қала тұрғыны бірден «112» қызметіне қоңырау шалды. Оқиға орнына келген 28-ӨСБ қызметкерлері ит түсіп кеткен құдыққа түсті. Иттің бөтенсіп, қауып алғысы келіп қарсылық көрсеткеніне қарамастан, ТЖ қызметінің мамандары құтқару операциясын сәтті жүргізіп, жануарды құдықтан абайлап шығарып алды.

Итті құтқарған 28-ӨСБ бөлімшесінің командирі Александр Петелин, оның қауып алмауы үшін қаракет жасағанын атап өтті.

 ТЖ қызметкерлеріне жануарларымен жиі жұмыс істеуге тура келеді.