Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан адамды тапты
4 қараша күні кешке Алматы қаласы ТЖД 112 пультіне ер адамнан оның тауларда екендігі және тік беткейден өздігінен түсе алмайтындығы туралы ақпарат келіп түсті.
Алматы, NEGE. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ТЖД Республикалық жедел-құтқару жасағының, "109" құтқару қызметінің, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары, еріктілер жіберілді.
7 қарашада ТЖМ құтқарушылары Үлкен Алматы шатқалында ер адамды тауып, оны төмен түсірді.
Туристерді іздеу тәулік бойы, сондай-ақ қараңғы уақытта да жүргізілді.