Құтқарушылар жаңа жыл қарсаңында отшашу ататындарға ескерту жасады

Мереке күндері рұқсат етілмеген жерлерде отшашу мен петарда атқандар 74 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды.

istockphoto.com

Алматы, NEGE. Құтқарушылар мен полицейлер петардаларды пайдалану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

«Пиротехникалық бұйымдар ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден жақын емес қашықтықта атылуы тиіс. Көбінесе отшашу, петардалар атылмай қалады, сол кезде адам жанына барып, «неге?», «қалай?» деп қарай бастайды. Сол кезде ол атылып, нәтижесінде жарақат пайда болады», – деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Константин Канин.

Дәрігерлер жаңа жыл қарсаңында ауруханаға түрлі жарақаттармен келетін науқастар саныны артатынын айтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті