Құтқарушылар темір бөшкеге қысылып қалған 5 жасар қызға көмекке келді

Бүгін Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бала алюминиден жасалған бөшкеге кіріп, шыға алмай қалған. 

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған, олар өз күштерімен баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп ТЖМ "Holmatro" гидравликалық жабдығының көмегімен фляганың қабырғаларын кесіп, қызды шығарып алып, ата-анасына тапсырды.

Қазір балаға қауіп жоқ. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қазір оқып жатыр

Денсаулық министрлігі хантавирусқа байланысты үндеу жасады

Зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі 79%-ға дейін өсуі мүмкін

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен