Құтқарушылар пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары пәтерде қамалып қалған үш жасар қызды құтқарды.

ТЖМ

Алматы, NEGE. 24 қаңтар құтқарушыларға жабық пәтерде жалғыз қалып қойған 2020 жылы туған баланың анасы жүгінді.

Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.

«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Бөбектi анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ» - деді құтқарушылар.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты