Құтқарушылар Ертісте апаттың алдын алды

Құтқарушылар бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізу барысында Павлодар облысы Ертіс өзенінің орталық жағалауында мұз жиегімен серуендеп жүрген үш жасөспірімді көрді, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, балалардың біреуі аяғымен мұз қуысына түсіп, жарақат алған.

Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына келіп, үшеуін де тексеру үшін құтқару станциясына жеткізді. Белгілі болғандай, 2012-2013 жылдары туған жасөспірімдер. Зардап шегушінің аяғын құтқарушылар қарап, содан кейін жедел жәрдем бригадасына тапсырды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар қатпаған мұзға шығу қаупі туралы ескертеді. Тiптi мықтылығы жағынан мұз морт болуы мүмкiн, ал жасырын қуыстар өмiрге елеулi қатер төндiредi. Ата-аналарға балалармен су қоймаларына жақын жерде қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, профилактикалық әңгімелесу жүргізу ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті