Құтқарушылар Алматы облысындағы Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тапты

22 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушылары Қонаев қаласы ЖҚЖ бірге Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тауып, алып шықты.

instagram/roso_kazakhstan

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.

Дене құлап кеткен жерінен 1,5 шақырым қашықтықта табылды.