Құтқару қызметінің маманы көпірден секірмек болған жасөспірімді құтқарып қалды

Құтқару қызметінің диспетчері жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне кедергі жасады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. Бүгін таңғы сағат 9-да Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне аспалы көпірден секіріп, суицид жасағысы келген жасөспірімнен хабарлама келді.

Бұл қоңырауды азаматтық қорғау кіші сержанты Айжан Каленова қабылдады, ол полиция қызметкерлері келгенге дейін әңгіме барысында балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті, сол арқылы суицид әрекетіне кедергі жасады.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»