Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

Өскемен қаласында Wildberries маркетплейсі арқылы күшті әсер ететін заттарды арықтауға арналған дәрі-дәрмек ретінде заңсыз сату ісі тергеліп жатыр.

magnific.com

Астана, NEGE. Ал Зайсан ауданында медициналық ұйым қызметкерлерінің пациенттерге құрамында есірткі бар рецепттік препараттарды заңсыз сату фактісі анықталған. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлады.

Қадағалаушы орган ақпаратынша, 2025-2026 жылдар аралығында прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілері бойынша 3 қылмыстық іс қозғалып, 21 әкімшілік хаттама толтырылған. Нәтижесінде жалпы сомасы 4 млн теңгеден асатын айыппұлдар салынған.

Прокурорлар дәрі-дәрмекті бақылаусыз ішу мен өз бетінше емделу азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Сондай-ақ медицина қызметкерлерін дәрі-дәрмектерді босату ережелерін қатаң сақтауға, ал ата-аналарды дәрігердің тағайындауынсыз препараттарды сатып алудан бас тартуға шақырады.