Күшейтілген карантин режимі басталды

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиннің күшейтілген режимі күшіне енді.

Алматы, NEGEМемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешім қабылдаған болатын.

Атап айтқанда:

- Азаматтардың азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;

- Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);

- Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;

- Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);

- Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу шаралары қабылданды. 

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды