Құс тұмауы шетелдік импортты арттыра ма?

Құс тұмауына байланысты елімізде құс өнімдерінің тапшылығы болмайды.

Алматы, NEGE. Ал отандық өндірушілер ішкі нарықты қамти алмаса, Еуразиялық Одақ елдерінен тауар импорттау мүмкіндігі бар. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында «Қазақстанның құс өсірушілер одағының» президенті Руслан Шәріпов хабарлады. Айналымдағы қаржы жоқ, бидай екі есе қымбат. Ал мемлекеттік субсидия көлемі аз. Бұл құс тұмауынан кейін сала мамандарын мазалайтын басты мәселелердің бірі. Үш жыл бұрын құс өсірушілер бидайдың тоннасын 40 мың теңгеге алып отырған.

Ал биыл «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» бидайдың тоннасын 80 мың теңге төңірегінде бекітті. Руслан Шәріповтың айтуынша, құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнының 70 проценті жем-шөпке байланысты. Ал өнімнің бағасын өсіру тиімсіз. Өйткені біздегі баға көтерілсе, ішкі нарықты Ресей тауарлары басып алады. Айта кетерлігі, ірі құс фабрикалары бұрын бір жұмыртқаға үш теңге субсидия берілген. Биылдан бастап бұл сома екі есе қысқарды. Ал құс етіне бөлінетін субсидия бұрыңғы деңгейдее сақталған. 

Қазір оқып жатыр

Теміржолшылар үшін қолжетімді баспана бағдарламасы басталды

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды