Құрманғазылық медицина мекемелері дәрігерлермен толықты

Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, биыл ауданның емдеу мекемелері жеті маманмен толығып, бұрын дәрігері болмаған кей округтер жоғары білімді медицина қызметкерімен қамтамасыз етілген. 

"Осы жылы ауданымыздың медицина саласына 1 гастроэнтеролог, 2 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 хирург, 1 педиатр, 2 терапевт келіп, жұмысқа қосылды. Нәтижесінде бұрын дәрігері болмаған Сафон, Жаңаталап ауылдық округтерін жоғары білімді дәрігерлермен қамтамасыз етіп, ауданымызда бұрын болмаған гастроэнтеролог штатын аштық", - деді Қайрат Нұртаев.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?